Компания туралы | Қурылу тарихы
Бөлімдер
Жаңалықтар
Компания туралы
Нормативтік база
Құрылым
Сатып алу
Хабар-Жер

 

 

   

 

      


Интернет-статистика

     Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 21 наурыздағы № 309 қаулысына сәйкес Мемлекеттік азық-түліктік келісім-шарт корпорациясы болып құрылып кейіннен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 24 ақпандағы қаулысымен оның жарғылық капиталына 100 пайыз мемлекеттің қатысуымен «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» акционерлік қоғамы болып қайта құрылды. Өткен жылдар үшін Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы қалыптасу қиынщылықтарын бастан кешіріп  серпінді дамып келе жатқан ұлттық компанияға айналды.

     Өткен он жыл ішінде Қазақстанның ауыл шаруашылығы түбегейлі өзгерістерге ұшырады. Заң базасы қалыптастырылды, елдің агроөнеркәсіптік кешені нарық жағдайында жұмыс істеуге бейімделді. Қазақстан астық экспортшыларының арасында лайықты орынға ие болды.

     Осы он жыл ішінде «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясының» қалыптасуы болып өтті.

     Егерде тарихқа үңілсек Қазақстанда мемлекеттік нан дайындау Кеңестер съезінде Халықтық Азық-түлік комиссариаты құрылған кезден 1920 жылдан бастап жүргізіледі. Кейіннен Халықтық Азық-түлік комиссариаты реформаға ұшырап атауы қайта өзгерді. Ол бірде Қазақ АССР-і бойынша Дайындау комитетінің басқармасы, бірде Қазақстанның нан өнімдері министрлігі, бірде Дайындау министрлігі деп аталды. Ведомствоның республиканың азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз етуден басқа міндеттері мен қызметтері өзгеріп отырды.

     Астықты мемлекеттік сатып алу тарихы 1995 жылдан басталды. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің ішкі рынокты бақылауы үшін Мемлекеттік азық-түліктік келісім-шарт корпорациясын ұйымдастыру туралы қаулы қабылданды. Жаңадан құрылған ұлттық компания экономиканың негізгі салаларында стратегиялық мемлекеттік  міндеттерді шешуге қажетт он екі акционерлік қоғамының қатарына кірді. «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясының» жүз пайыздық мемлекеттік акциялар пакеті бар.

     Он жыл бұрын Корпорацияның алдында тек бір ғана міндет – астық сатып алу және мемлекеттік резервті сақтау  міндеті тұрды.  Біртіндеп компанияның қызметі кеңейді. Бүгінде Корпорация елдің азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз етумен қатар ішкі астық рыногын реттеу, инвестициялық қызметпен және астықты экспортқа шығарумен айналысады.  

     Бүгінде Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы жыл сайынғы астық сатып алу көлемі шамамен 2 - 2,5 млн.тонна ең ірі астық ұстаушы болып табылады. Корпорация өкілетті элеваторларда  және өзінің астық базаларында азық-түліктің жұмсақ және қатты сорттарын, тұқымдық және жемдік астықты  сақтайды. Корпорация мемлекеттік астық ресурстарын сақтау мен жаңартудан басқа астықтың өндірісін қаржыландырады, оны ішкі рынокта іске асырады және сыртқы өткізу рыноктарын игереді.

     Корпорация жыл сайын кейінгі жылдары көлемі  біршама өскен астық ресурстарын қалыптастырады:

     Мемлекеттік ресурстар – «Астық туралы» ҚР заңына сәйкес құрылды;

     Коммерциялық ресурстар – коммерциялық астық сатып алу есебінен қалыптастырылады.

 

 

 

        

Разработано в компании "Интернет Решения"